«Еңбек адамы – 2025» Байқауы ел руханияты мен өндірістік өрлеудің тоғысқан тұсы

«Еңбек адамы – 2025» Байқауы ел руханияты мен өндірістік өрлеудің тоғысқан тұсы

2026 жылдың 2 наурызында Алматы қаласында Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы бірлесіп ұйымдастырған «Еңбек адамы – 2025» республикалық шығармашылық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ауқымды мәдени-рухани шараға Қазақстанның түкпір -түпкірінен қаламгерлер, инженер-ғалымдар, еңбек адамдары, зиялы қауым өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысты. Байқау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» бастамасын қолдау мақсатында өткізілді. Жобаның басты мақсаты – өндіріс пен инженерлік саланың қоғамдағы мәртебесін арттыру, еңбек адамының шынайы бейнесін көркем әдебиет арқылы кеңінен насихаттау болды. ​

Салтанатты шараны «Еңбек адамы – 2025»  ұйымдастарушылары атынан  Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, академик Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов ресми түрде ашып берді.

 

Байқауының қорытындысы туралы баяндаманы Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының    төрағасы —  Мереке Әбдешұлы Құлкенов жасады.

Биылғы байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 50-ден астам шығарма келіп түсті. Қатысушылар роман, повесть, новелла, деректі очерк және эссе жанрларында қалам тербеп, қарапайым еңбек адамының бейнесін жоғары көркемдік деңгейде сомдай білді. Шығармалар қазақ және орыс тілдерінде қабылданды. Қатысушылардың жасына және шығармалардың көлеміне шектеу қойылған жоқ. Бұған дейін жарияланған жұмыстар байқауға қабылданбады. Конкурстық жұмыстарды белгілі қаламгерлер мен әдебиеттанушылардан құралған арнайы қазылар алқасы бағалады. Бағалау барысында тақырыптың терең ашылуы, кейіпкер болмысының шынайылығы, көркемдік сапасы мен идеялық мазмұнына ерекше мән берілді. Нәтижесінде 50-ден астам шығарманың ішінен 21 туынды шорт-листке енді.

Бас жүлде өндіріс озатының адамгершілік келбетін, кәсіби жауапкершілігін және отаншылдық рухын терең әрі көркем бейнелеген шығармаға табысталды.

Байқаудың Гран-при жүлдесін «Әулет» нон-фикшн романының авторы, жазушы Шархан Қазығұл иеленді.

Жеңімпазға арнайы диплом мен  Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының  төсбелгісі және ақшалай сыйлық табысталды.

Байқаудың І, ІІ, ІІІ дәрежелі лауреаттары еңбек адамының жан дүниесін, маңдай тердің қадір-қасиетін шынайы әрі әсерлі көрсете білді.


І дәрежелі лауреат – Қуандық Түменбай «Бетпақты кезген біреу» деректі әңгімесі үшін.


ІІ дәрежелі лауреат  – Ғалым Қалибекұлы «Несібе» хикаяты үшін.


ІІІ дәрежелі лауреат – Қанат Жанашұлы Нұрмаханов «Қарашүңгіл – көзімнің қарасы бұл» деректі повесі үшін.

Қазылар алқасының шешімімен келесі номинациялар бойынша ынталандыру сыйлықтары табысталды:
– «Заманауи өндірістегі еңбек адамының бейнесі»;
– «Инженерлердің қоғамдағы орны»;
– «Өңірлік даму мен ерекшелікті ашқан үздік материалдар».

Ынталандыру сыйлығы иегерлері:
– Көлбай Адырбекұлы – «Шахтерлер әулеті» әңгімесі;
– Жолтай Алмашев – «Елтірі» хикаяты;
– Габдулсабит Юсупов – «Ғылымнан тапқан бақытын» деректі романы;
– Ертай Айғалиев – «Су және Толағай» әңгімесі;
– Нұрлыбек Саматұлы – «Көктеткен көктем екен танаптарды» эссесі.


«Шахтерлер әулеті» әңгімесі үшін Көлбай Адырбекұлы

 


«Елтірі» хикаяты үшін Жолтай Алмашев

 


«Ғылымнан тапқан бақытын» деректі романы үшін Габдулсабит Юсупов

 


 «Су және Толағай» әңгімесі үшін Ертай Айғалиев

 


«Көктеткен көктем екен танаптарды» эссесі үшін Нұрлыбек Саматұлы
 иеленді.

 «Еңбек адамы – 2025» республикалық байқауы – еліміздің инженерлік-индустриялық дамуын қолдауға бағытталған, еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруды көздейтін маңызды мәдени жоба.

Аталған бастама «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жүзеге асырылып, еңбек адамының қоғамдық беделін көтеруге бағытталған тарихи қадам ретінде айрықша маңызға ие.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының баспасөз қызметі