ӨҚМ-де мемлекеттік органда іс жүргізу процестері бойынша семинар өтті

ӨҚМ-де мемлекеттік органда іс жүргізу процестері бойынша семинар өтті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде мемлекеттік органда іс жүргізу процестері бойынша, сондай-ақ әкімшілік рәсімдер шеңберінде әкімшілік практиканы қалыптастыру және біріздендіру туралы құқықтық жалпы оқыту өткізілді.

Іс-шара барысында қызметкерлерге мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қолдану бойынша, сондай-ақ іс жүргізуді және әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың негізгі талаптары жөнінде түсіндірмелер берілді. Қызметтік құжаттарды дұрыс рәсімдеу, белгіленген рәсімдер мен орындау мерзімдерін сақтау, құжат айналымының сапасын қамтамасыз ету және әкімшілік рәсімдердің бірізділігін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Құқықтық жалпы оқыту аясында презентациялық материалдарды әзірлеу бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Қатысушыларға баяндамалар, есептер және ақпараттық материалдар дайындау кезінде қолданылатын құрылымы жүйеленген және көрнекі түрде сауатты дайындалған презентацияларды әзірлеудің заманауи тәсілдері таныстырылды.

Құқықтық жалпы оқытуды өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, атқарушылық тәртіпті нығайтуға және Министрліктегі басқару процестерін одан әрі жетілдіруге бағытталған.