
Бүгін Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков пен «Qarmet» АҚ басқарма төрағасы Вадим Басин 2026-2029 жылдар аралығына арналған елішілік құндылықты дамыту бағдарламасына қол қойды.
Бұл бағдарлама елдің ішкі құндылығын дамыту және өнеркәсіптік әлеуетін нығайту жөніндегі мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылады. Аталған құжат Мемлекет басшысының реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін үш жыл ішінде кемінде 60%-ға жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауды қамтамасыз етуді көздейді.
Ірі бизнес ережелерді сақтау үшін ұзақ мерзімді және оффтейк-шардтары пайдаланады, бұл қазақстандық өндірушілерге сұранысты кепілдендіреді және локализацияны кеңейтуге жағдай жасайды.
Осылайша, бұл қадамдар отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыруға, импортқа тәуелділікті төмендетуге, өнеркәсіптік кооперацияны күшейту және шағын және орта бизнесті дамуға ынталандыруға мүмкіндік береді.
«Qarmet» АҚ мемлекетіміздегі елішілік құндылықты дамыту бағдарламасын дайындау, келісу және бекіту рәсімінен толық өткен алғашқы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатарына кіргенін атап өту маңызды.
Қазіргі таңда «Qarmet» металлургиялық комбинаты өндірістің технологиялық деңгейін арттыру, өнім желісін кеңейту және металды қайта өңдеуді тереңдетуге бағытталған ауқымды инвестициялық жаңғырту бағдарламасын іске асыруда.
Бүгінде компания негізгі алты бағытты ұстанады:
«Qarmet» басымдықтарының қатарына сатып алуды локализациялау, ұзақ мерзімді оффтейк-келісімшарттар жасасу және металлургия комбинатының айналасында кооперациялық тізбектерді қалыптастыру жатады. Осы шараларды іске асыру отандық өндірушілердің өнімдеріне тұрақты сұранысты қамтамасыз етеді және шағын және орта бизнестің өнеркәсіптік белдеуін құруға ықпал етеді.
«Qarmet» компаниясының елішілік құндылықты дамыту саясатын іске асыруға қатысуы бизнестің мемлекетпен жүйелі әріптестікке дайын екенін көрсетеді және еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін нығайту үшін берік негіз қалыптастырады.