
Астанада 2026 жылдың 2-3 сәуірі аралығында Орталық Азия елдерінің үкіметтері, мемлекеттік органдары, ұлттық геологиялық қызметтері мен ірі бизнес компаниялары өкілдерінің басын қосатын GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA халықаралық геологиялық форумы өтеді.
Шараға 20-дан астам елдің өкілдері қатысып, геологиялық ресурстарды зерттеу, болжау және игеру саласындағы стратегиялық мәселелерді талқылайды. Форумда сала көшбасшылары мен шешім қабылдайтын тұлғалар геология саласының стратегиялық дамуы, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа үлгілері және жер қойнауын тұрақты пайдалану мен ұзақ мерзімді инвестициялар тақырыптарын қарастырады.
Бұл форум - геотехнологиялар, жер қойнауын пайдалануды цифрландыру және ESG бағытындағы шешімдер ұсынуға, сондай-ақ салалық серіктестікті дамытуға мүдделі компаниялар мен сарапшылар үшін бірегей алаң. Қатысушылар мемлекеттік құрылымдар, инвесторлар және салалық көшбасшылар мен тікелей диалог орнатып, стратегиялық талқылауларға қатысып, халықаралық меморандумдарға қол қою мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар геологиялық нарықтың болашағы қалыптасып жатқан өңірде жаңа нарықтарға шығу және өз позицияларын нығайту үшін тиімді алаң болады.
Форум бағдарламасы:
▪️екі күндік тақырыптық сессиялар
▪️мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен пленарлық пікірталастар
▪️озық технологиялар көрмесі
▪️инновациялық жобалардың презентациялары
▪️жас мамандарды қолдауға арналған арнайы сессиялар
Шараны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ ұйымдастырады.
GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA – ғылым, бизнес және мемлекеттің серіктестігін арттырып, геологиялық нарықтағы стратегиялар мен мүмкіндіктерді айқындайтын негізгі диалог алаңы.
Толығырақ ақпарат пен тіркелу үшін сайтқа өтіңіз: https://geca-forum.asia