Көкшетау қаласында «AMANAT» партиясы жүзеге асырып жатқан «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында «ҮЙДІ БАСҚАРУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК, СЕНІМ, НӘТИЖЕ» атты форум-семинар өтті.
Жиынға Мәжіліс және мәслихат депутаттары, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бас сарапшысы Самал Саурықова, «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ өкілдері, сала сарапшылары, сондай-ақ басқарушы ұйымдардың жетекшілері қатысты.
Кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың ашықтығын арттыру және меншік иелерінің қатысу белсенділігін күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының «TURGYNDAR AMANATY» жобасы тұрғын үй қорын басқарудың заманауи әрі тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған.
Форум қорытындысы бойынша қатысушылар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін одан әрі жетілдіру үшін мемлекеттік органдар, басқарушы құрылымдар және азаматтар күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.