Министрлікте «Лудомания мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне қауіп төндіретін фактор ретінде» тақырыбында семинар өткізілді

Министрлікте «Лудомания мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне қауіп төндіретін фактор ретінде» тақырыбында семинар өткізілді

19 ақпанда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Көлік министрлігінің қызметкерлері үшін «Лудомания мемлекеттік қызметшінің кәсіби сенімділігіне қауіп төндіретін фактор ретінде» тақырыбында семинар өткізілді.

Лекторлар ҚР Бас прокуратурасы Академиясының доценті Амуртаева Динара Талгатовна және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Карымсакова Әсел Серікқазықызы.

Құқықтық блок аясында Д.Т. Амуртаева құмар ойындар саласындағы және оларға қатысуға байланысты тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің жүйелі талдауын ұсынды. 2025 жылы Қазақстанда құмар ойындарды ұйымдастыру қызметтерінің айналымы 484 млрд теңгеден асқаны атап өтілді, бұл көлеңкелі экономиканың тәуекелдерін күшейтеді. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік шаралар, сондай-ақ қайталанған құқықбұзушылықтар кезінде 750 АЕК-ке дейін айыппұл салу және табысты тәркілеу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделгені айтылды. Лицензиялау кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, бақылаудың әлсіреуіне және тәуелді тұлғалардың құқыққа қарсы әрекеттерге тартылуына ерекше назар аударылды.

Лудоманияның келесі тізбекті қалыптастыратыны атап өтілді: тәуелділік → қарыздар → осалдық → алаяқтыққа және өзге де қылмыстарға тартылу.

Психологиялық блокта А.С. Карымсакова ойын тәуелділігінің мінез-құлықтық аддикция ретінде табиғатын, оның мемлекеттік қызметшінің тұлғалық тұрақтылығы мен кәсіби адалдығына төндіретін қатерін ашып көрсетті. Қалыптасып келе жатқан тәуелді мінез-құлықтың белгілері ретінде ставкалардың өсуі, жасырындық, қаржылық қиындықтар, эмоциялық тұрақсыздық, әлеуметтік байланыстардың бұзылуы, физикалық симптомдар және тоқтай алмау аталды. Тәуелділіктің қызметтік сенімсіздік тәуекелдерімен және құқыққа қарсы әрекеттерге тартылумен тікелей байланысы бар екені қорытындыланды.

Семинар профилактикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипатта өтті. Осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.