Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Сербияның халықаралық экономикалық ынтымақтастықты дамыту министрі Ненад Поповичпен кездесті.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Сербия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланды.
Сондай-ақ, Сербия басшылығының Қазақстанға алдағы сапары аясында өнеркәсіп, құрылыс, инфрақұрылым және жоғары технологиялар салаларында бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.
Әскери-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге және Іскерлік кеңесте талқыланатын бірлескен жобаларды іске қосуға ерекше назар аударылды.
«Сербия – Қазақстанның Балқандағы жақын және сенімді серіктесі және Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасында тиімді ынтымақтастық архитектурасы, соның ішінде тұрақты саяси диалог қалыптасты», – деп атап өтті Ерсайын Нағаспаев.
Кездесуден кейін тараптар өзара сенім мен тиімді ынтымақтастыққа негізделген екіжақты қарым-қатынастарды дамытуды жалғастыруға ниетті екендіктерін растады.