
28-сінен 30-сына дейін астанада AstanaBuild халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді — құрылыс секторы, архитектура, дизайн саласындағы кәсіпқойлар үшін негізгі салалық алаңдардың бірі. Іс-шара өндірушілерді, жеткізушілерді, құрылысшыларды, жобалаушыларды, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді.
Көрмеге Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия және Өзбекстаннан келген компаниялар, оның ішінде Қытай мен Ресейдің ұжымдық экспозициялары қатысады. Қатысушылар арасында ірі халықаралық өндірушілер де, аймақтық компаниялар да бар. Alubest, Alstar, Avcom Kazakhstan, Dalmex, Garant Tranzit Plus, Panelsan, Yasar, Анкор-Астана, Гипсовинил, М-Конструктор, Полимерметалл-Т өз қатысуын растады. Экспозиция өнімдердің кең спектрін қамтиды: қабырға панельдері мен алюминий профильдерінен бастап лифт жабдықтары мен энергия тиімді инженерлік шешімдерге дейін.
Көрменің іскерлік бағдарламасы іс-шараның маңызды бөлігі болып табылады және құрылыс дамуының өзекті мәселелеріне, нормативтік реттеу мен саланы цифрландыруға бағытталады. Бағдарлама аясында стратегиялық сессиялар мен семинарлар, кәсіби кездесулер, талқылаулар мен тәжірибе алмасу жоспарланған.
AstanaBuild 2026 бизнес үшін жаңа көкжиектер ашады, қатысушыларға өнімдерін таныстыруға, келісімшарттар жасауға және Қазақстанның құрылыс нарығында өздерін танытуға көмектеседі.
Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Құрылыс және ТКШ істері комитеті, «Мемсараптама» РМК.
Іс-шараның ұйымдастырушысы — Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.
Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін: https://astanabuild.kz/kz/kormege-bilet-alu?promo=ASB2026MPS
Өтетін орны:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., «EXPO» ХКО
Өтетін күндері: 2026 жылғы 28–30 сәуір
Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:
Тел.: +7 771 258 34 34, +7 727 258 34 34
E-mail: Kz.Build@iteca.events