Қазақстандағы құрылыс саласын цифрландыру

Қазақстандағы құрылыс саласын цифрландыру

ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубированың төрағалығымен 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңеске Құрылыс және ТКШ істері комитетінің басшылығы, ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері, ұлттық даму институттары, сондай-ақ ақпараттық жүйелер мен цифрлық шешімдер саласындағы әзірлеушілер мен сарапшылар, соның ішінде eQurylys ақпараттық жүйесінің мамандары қатысты.

Жиын барысында құрылыс саласында цифрлық құралдарды енгізу және дамыту, атқарушы құжаттаманы электрондық форматта жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асырылатын нысандарда ақпараттық жүйелерді қолданудың практикалық нәтижелері қаралды.

Арнайы назар цифрландырудың экономикалық тиімділігіне, құрылыс процестерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша құрылыс саласындағы цифрлық сервистерді әрі қарай дамыту және саланың барлық қатысушыларының мүдделерін ескере отырып, теңгерімді шешімдер қабылдау мүмкіндіктері белгіленді.

Еске сала кетейік, 2026–2027 жылдарға арналған құрылыс саласын цифрландыру жоспары 2026 жылғы 9 қаңтарда ҚР Премьер-министрінің орынбасары ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев пен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаевтың қатысуымен өткен кеңес қорытындысы бойынша бекітілген. Аталған жоспардың мақсаты  саладағы ашықтықты арттыру, құрылысқа кететін уақыт пен шығындарды азайту, әкімшілік кедергілерді төмендету, сондай-ақ құрылыс нысандарының сапасы мен қауіпсіздігін жақсарту.