
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен кездесті.
Тараптар ЕҚДБ-ның 2025 жылғы жұмыс көрсеткіштерін және Қазақстандағы өнеркәсіптік дамудың басым салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты 2026 жылға арналған жоспарларын талқылады.
Кездесу барысында жоғары қосылған құн жобаларын іске асыру, өнеркәсіптік өсімді жалғастыру және экспортқа бағытталған жергіліктілендіруді қолдау мәселелері талқыланды.
«Біз ЕҚДБ-ны бірлескен жобалар үшін сенімді серіктес ретінде қарастырамыз және өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында, соның ішінде 8,8 трлн теңгеден астам сомаға шамамен 160 жобада ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынамыз», – деді Ерсайын Нағаспаев.
Одан бөлек, кездесуде өнеркәсіп секторын қаржыландыру тәсілдері мен құралдары қарастырылды.
Қазақстандағы өндірістің өсуі 2025 жылы 6,4%-ға жеткенін еске саламыз. 2026 жылы 6,2%-ға өсу күтілуде.