
2026 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік энергетикалық тізіліміне (бұдан әрі – МЭТ) жылына 1500 және одан да көп тонна шартты отын тұтынатын 21 мыңнан астам ұйым енгізілген. 2025 жылы жалпы алғанда, аталған ұйымдар 70,8 млн тонна шартты отын тұтынған.
Елдегі энергия ресурстарын ең көп тұтынатын ірі кәсіпорындар мына өңірлерде шоғырланған:
Бұл табиғи ресурстарға бай өңірлерде энергетикалық және өнеркәсіптік нысандардың шоғырлануымен байланысты:
Сонымен қатар, МЭТ субъектілерінің сандық құрамы мен энергия тұтыну көлемі бойынша үлестері едәуір ерекшеленеді.
Ұйымдар саны бойынша көшбасшы салалар:
Алайда энергия тұтынудың негізгі көлемі мүлде басқа салаларға тиесілі.
Жалпы энергия ресурстарын тұтынудағы ең жоғары үлес:
Бұл деректер елдің энергожүйесіне негізгі жүктемені дәл осы өнеркәсіптік-энергетикалық кәсіпорындар түсіріп отырғанын айқын көрсетеді.
Мемлекеттік энергетикалық тізілім энергия тұтынуды есепке алу және энергия үнемдеу шараларын бақылау үшін арналған. Ол мемлекеттік энергетикалық саясатты қалыптастыру барысында қолданылады. Тізілім деректері энергия тұтынудың нақты көрінісін түсінуге және елдің энергетикасын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
МЭТ тізіміне энергия ресурстарын ірі көлемде тұтынатын субъектілер енгізіледі: жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъектілері және табиғи монополиялар.