Қуандық Қажкенов Қарағанды облысындағы сумен жабдықтау нысандарын жұмыс сапарымен аралады

Қуандық Қажкенов Қарағанды облысындағы сумен жабдықтау нысандарын жұмыс сапарымен аралады

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жұмыс сапары аясында Қарағанды облысындағы сумен жабдықтау нысандарын аралады.

Сапар барысында ол Осакаров ауданының Колхозное ауылында, сондай-ақ Қарағанды қаласының Новая Тихоновка және Старая Тихоновка кенттерінде су құбыры желілерін салу жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Сонымен қатар вице-министр Қарағанды қаласында сумен жабдықтау жүйесін дамыту мен нығайтуға бағытталған №22 су тарту құбырының құрылысы барысын қарап шықты.

Жұмыс сапары кезінде құрылыс жұмыстарының ағымдағы кезеңдері, белгіленген мерзімдердің сақталуы және атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы қаралды. Жауапты ұйымдардың өкілдері жобалардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берді.

Қуандық Қажкенов халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске