ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды.
Сапар аясында Лесное, Славенка, Михайловка, Станционное, Приуральское және Новошумное ауылдарында (Қарабалық ауданы), сондай-ақ Лесное және Березовка ауылдарында (Федоров ауданы) пайдалануға берілген су тасқыны нысандарына мониторинг жүргізілді.
Орталықтандырылған су құбырына әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бір бөлігі қосылған, бұл тұрғындардың сапалы ауыз суға қолжетімділігін айтарлықтай жақсартады.
Аталған жобаларды жүзеге асыру ауылдық жерлердегі халықтың өмір сүру сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға мүмкіндік береді және аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар.