Қарағандыда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қатысуымен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері талқыланды

Қарағандыда Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қатысуымен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселелері талқыланды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мынбаев «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында өткен «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» тақырыбындағы форум-семинарға қатысты.

Қарағанды қаласында «AMANAT» партиясының облыстық филиалында өткен форумды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ашты.

Іс-шараға сондай-ақ Тұрғын үй қорын дамыту басқармасының бас сарапшысы Самал Саурықова, «Қазцентр ЖКХ» АҚ бас менеджері Айбек Алибеков, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қарағанды облысының басшылығы, «AMANAT» партиясының өкілдері, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Форумға Қарағанды қаласы мен облысынан 300-ден астам МИБ (ОСИ) және ПИК (КСК) өкілдері жиналды.

Форум барысында келесі өзекті мәселелер көтерілді:

  • МИБ және ПИК қызметі және олардың тұрғын үй иелері алдындағы жауапкершілігі;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүйелі шешімдер әзірлеу;
  • энергия үнемдеу;
  • басқару процестерін цифрландыру;
  • «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына енгізілген негізгі өзгерістер.

Сонымен қатар форум қатысушыларына тұрғын үй қорын басқару және тұрғын үй заңнамасының нормаларын қолдану бойынша түсіндірмелер берілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, меморандумға қол қойылды және оларды «AMANAT» партиясының орталық аппаратында одан әрі қарау үшін хаттамалық тапсырмалар айқындалды.