
Мемлекет басшысы 9 қаңтарда қол қойған және 1 шілдеден бастап күшіне енетін ҚР жаңа Құрылыс кодексіне сәйкес, салада заманауи талаптарды ескере отырып, оны одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жаңашылдықтар енгізіледі.
1. Қала құрылысы жобаларына міндетті сараптама жүргізу
Қазақстанда әзірленетін және түзетілетін барлық қала құрылысы жобаларына, оның ішінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына (ЕЖЖ) міндетті түрде сараптама жүргізу енгізіледі.
Бұл норма қателіктерді ерте кезеңде анықтауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және құжаттардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын түзетуге шектеу қойылады — екі жылда бір реттен артық өзгертуге жол берілмейді.
2. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі
Елде қала құрылысы жобаларының іске асырылуын бақылау және қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмеген жағдайда бастапқы-рұқсат беру құжаттарын беруге шектеу қою Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін (Қалакадастр жүйесі) енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, құрылыс объектісін салудың барлық кезеңдерінде деректердің ашықтығы мен кешенді тексерілуін қамтамасыз ету мақсатында объектінің бірегей нөмірі енгізіледі.
3. Сейсмикалық қауіпсіздік
Республикада Құрылыс кодексіне сәйкес сейсмикалық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған жаңа міндетті талаптар енгізіледі.
Осыған байланысты сейсмикалық қауіпсіздік бойынша келесі шаралар заңнамалық тұрғыда бекітіледі:
4. Лицензиаттардың электрондық тізілімін енгізу
Елде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіне қатысушыларға қойылатын талаптар күшейтіліп, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған лицензиаттардың электрондық тізілімі енгізілуде.
Бұл шаралар саладағы жалған қатысушыларды болдырмауға, тәртіп орнатуға, лицензиялық талаптарға сәйкестікті автоматты түрде тексеруді қамтамасыз етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.
Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, 2028 жылдан бастап сала инженерлерін сертификаттау жүйесін енгізу және аталған функцияны бәсекелі ортаға беру жоспарланып отыр.
5. Ұлттық техникалық нормалау институтын құру
Қазақстанда Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады.
Аталған институт құрылыс саласындағы техникалық нормативтік талаптарды ғылыми зерттеу, әзірлеу, өзектендіру және сүйемелдеу бойынша, сондай-ақ оларды халықаралық стандарттармен үйлестіру бағытында бірыңғай орталық болады.
Институт базасында нарықтан білікті мамандарды тарта отырып, нақты бағыттар бойынша (құрылымдар, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбырлар, сумен жабдықтау және басқа да салалар) салалық техникалық комитеттер қалыптастырылады.
6. Құрылысқа бақылауды күшейту және жауапкершілікті арттыру
Құрылыс кодексі аясында құрылыс саласына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру және құрылысқа бақылауды күшейту бойынша бірқатар шаралар іске қосылады.
Төмендегі шаралар енгізіледі:
Сонымен қатар, объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде МСҚБ және төтенше жағдайлар жөніндегі органдар (ТЖ) қатысатын болады.