ШҚО Ұлан ауданында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы мен жаңартылуы аяқталды

ШҚО Ұлан ауданында сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы мен жаңартылуы аяқталды

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында сумен жабдықтау жобаларының іске асырылу барысымен танысты. Комитет төрағасы Асубұлақ кенті мен Ұлан ауданының Бозанбай ауылында жүзеге асырылып жатқан сумен жабдықтау жобалары бойынша атқарылған жұмыстарды қарап шықты.

Аталған жобалар елді мекендерді тұрақты әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға және Ұлан ауданы тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Қазіргі таңда аталған елді мекендерде су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту жұмыстары толық көлемде аяқталған.

Инженерлік коммуникациялар мен объектілердің жай-күйін тексеру барысында Комитет төрағасы атқарылған жұмыстардың сапасына, жүйелі ұйымдастырылуына және белгіленген мерзімдердің сақталуына ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Бақытжан Жүнісбеков Ұлан ауданы тұрғындарының орталықтандырылған ауыз су жүйесіне белсенді әрі уақтылы қосылуының маңыздылығын атап өтті.