Central Asia Coatings Show 2026 және United Chemical Show 2026 халықаралық көрмелеріне шақырамыз

Central Asia Coatings Show 2026 және United Chemical Show 2026 халықаралық көрмелеріне шақырамыз

2026 жылғы 28–30 қаңтар аралығында Астана қаласында, «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында екі ірі салалық іс-шара — Central Asia Coatings Show 2026 лак-бояу материалдары мен жабындарының 3-ші халықаралық көрмесі және United Chemical Show 2026 химия өнеркәсібінің халықаралық көрмесі өтеді.
Көрмелерге 14 елден 150 өндіруші компания қатысып, сондай-ақ 7 000-нан астам келуші күтілуде.

Іс-шаралар химия және лак-бояу өнеркәсібі саласындағы жетекші өндірушілерді, технологтарды, сарапшылар мен тұтынушыларды бір алаңға жинап, Орталық Азиядағы салалардың даму үрдістері мен болашағын талқылауға арналған маңызды іскерлік платформалар.

Көрмелер Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныңKAZХИМИЯ қауымдастығыныңКАЗХИМПРОМ қауымдастығыныңСОЮЗКРАСКА қауымдастығыныңҚР Құрылысшылар одағыныңҚР жасыл құрылыс жөніндегі кеңесініңҚР химиктер одағының, сондай-ақ Ресейдің Алюминий қауымдастығының қолдауымен өтеді.

Central Asia Coatings Show 2026

Central Asia Coatings Show 2026 көрмесі лак-бояу материалдарын, шикізатты, жабдықтар мен жабындарды өндіру және қолдану технологияларын таныстыруға арналған негізгі кәсіби алаң болмақ.

28 қаңтарда өтетін іскерлік бағдарлама лак-бояу өнеркәсібі нарығының дамуына, құрылыс саласында лак-бояу қолдануына, заманауи талаптар мен инновацияларға арналады. Бағдарлама аясында салалық қауымдастықтардың қатысуымен панельдік сессиялар, компаниялардың презентациялары, сондай-ақ көрменің барлық үш күні бойы өтетін мастер-класстар жоспарланған.

United Chemical Show 2026

United Chemical Show 2026 химия өнеркәсібінің толық өндірістік циклін қамтиды — химиялық және полимерлік шикізаттан, қоспалар мен жабдықтардан бастап дайын химиялық өнімдерге дейін.

29 қаңтардағы іскерлік бағдарлама химия өнеркәсібін дамыту мәселелеріне, еліміздегі химиялық өнімдерді тіркеу мен есепке алу тәртібіне, сондай-ақ бизнесті мемлекеттік қолдау шараларына арналады. Бағдарлама шеңберінде салалық бірлестіктердің панельдік сессиялары мен компания-қатысушылардың презентациялары өтеді.

Келушілер үшін кіру алдын ала тіркелу арқылы тегін:
https://unitedchemicalshow.com/kz/kelushilerge/on-line-tirkeu?utm_source=pr&utm_campaign=mpskzdilnaz

Өтетін орны:
Қазақстан Республикасы, Астана қ., «EXPO» ХКО

Өтетін күндері: 2026 жылғы 28–30 қаңтар

Ұйымдастырушылардың байланыс деректері:
Тел.: +7 771 672 5190 | +90 536 810 68 98
E-mail: unitedexpou@gmail.com