Эмоционалды интеллектті дамыту және жанжалдардың алдын алу: ҚР ӨҚМ-е оқыту семинары өтті

Эмоционалды интеллектті дамыту және жанжалдардың алдын алу: ҚР ӨҚМ-е оқыту семинары өтті

Бүгін 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде мемлекеттік қызметтегі жеке тиімділікті арттыру мен қақтығыстардың алдын алудың негізгі құралы ретінде эмоционалдық интеллектті дамыту тақырыбында семинар өтті.

Семинарды министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі өткізді. Іс-шара аясында жоғары қызметтік жүктеме, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жағдайында эмоционалдық интеллектті қолданудың практикалық аспектілері қарастырылды. Өзін-өзі реттеу, стрессқа төзімділік, тиімді іскерлік коммуникация және ұжымдағы жанжалды жағдайларды конструктивті түрде шешу дағдыларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында П. Саловей, Д. Майер, Д. Карузо және Д. Гоулманның зерттеулеріне негізделген эмоционалдық интеллекттің заманауи ғылыми тәсілдері мен дәлелді модельдері, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметінде қолдануға болатын эмоционалдық аудит әдістері, «осында және қазір» техникалары, өзін-өзі реттеу құралдары мен мінез-құлықты талдау әдістері таныстырылды. Қатысушылар қақтығыстардың алдын алу алгоритмдерімен және кәсіби ортадағы эмоционалдық шиеленісті төмендету тәсілдерімен танысты.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі психологиялық тұрақтылық, қызметтік әдеп және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуал мәселелеріне ерекше мән береді. Бұл бағыттағы жұмыс жоспарлы түрде жалғасын тауып, мемлекеттік басқару сапасын және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған оқыту және алдын алу іс-шаралары одан әрі енгізілетін болады.