Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тіркелуі керек

Өндірушілер 30 қаңтарға дейін Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімінде тіркелуі керек

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда отандық өндіруші мәртебесін растау және мемлекеттік қолдаудың мақсаттылығын жақсартуға арналған «Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімі» мемлекеттік цифрлық платформасы іске қосылды. Жүйе қазір тәжірибелік пайдалануға берілген және e-ondiris.gov.kz веб-сайтында қолжетімді.

Жаңа цифрлық жүйеге кедергісіз көшуді қамтамасыз ету үшін бұрын жарамды индустриалдық сертификаттар негізінде қазақстандық өндіруші мәртебесін растаған 1 868 субъект автоматты түрде Тізілімге ауыстырылды.

Барлық бизнес субъектілері ақпараттық жүйеде тіркелуге Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес өтініш бере алады.

Бүгінгі күні:

жүйеге 2 769-дан астам компания тіркелді;
1 346 өтінім қабылданды;

Тізілімге қазірдің өзінде машина жасау, құрылыс индустриясы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар кіреді, соның ішінде теміржол техникасы, автомобиль компоненттері, сорғы жабдықтары, цемент, бетон бұйымдары, керамикалық плиткалар және аяқ киім өндірушілері бар

Бұрын Тізілімге автоматты түрде қосылған өндірушілер жүйедегі ақпараттарын 30 қаңтарға дейін толтырып, өтініштерін электрондық цифрлық қолтаңба арқылы растауы тиіс. Бұл талапты орындамау жағдайында кәсіпорындар Қазақстандық өндірушілер тізілімінен шығарылады.

Цифрлық платформаны енгізу рәсімдердің ашықтығын арттыруға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және мемлекеттік қолдау шараларының тек нақты өндірістік қызметі бар кәсіпорындарға бағытталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін біртіндеп толықтыру жұмыстары жалғасуда.