Қазақстанда құрылыс саласын цифрландырудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспары бекітілді

Қазақстанда құрылыс саласын цифрландырудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспары бекітілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев кездесу өткізді, оның нәтижесінде құрылыс саласын цифрландырудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспары бекітілді.

Құжат құрылыс саласын цифрлық трансформациясының негізгі мақсаттарын анықтайды және құрылыс жобаларының бүкіл өмірлік циклін — жоспарлау мен жобалаудан бастап құрылысқа, пайдалануға беруге және ғимараттар мен құрылыстарды кейіннен пайдалануға дейінгі кезеңдерді қамтиды.

Құрылыс саласын цифрландырудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспары құрылыс процестерін жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталған бірқатар практикалық шараларды қамтиды.

Басымдық бағыттарға мыналар кіреді:

  • міндетті BIM жобалауын енгізу;
  • құрылыс саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;
  • нысандардың цифрлық паспорттарын жасау;
  • құрылыс нормалары мен стандарттарын машина оқитын форматқа түрлендіру.

«Құрылыс саласы экономика үшін маңызды. Дегенмен, құрылыстағы мерзімдерге, шығындарға және ашықтыққа қатысты қиындықтар әлі де бар. Цифрлық трансформация саланың тиімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттің рөлі -— ережелерді белгілеу және цифрлық ортаны қамтамасыз ету», — атап өтті Ерсайын Нағаспаев.

Қарастырылған шараларды енгізу қолмен орындалатын операциялар санын азайтуға, қателіктер қаупін кемітуге және құрылыс жобаларының болжамдылығын жақсартуға мүмкіндік бееді..

Жалпы алғанда, құрылыс саласын цифрландырудың 2026-2027 жылдарға арналған жоспары саладағы ашықтық пен басқаруды арттыруға, құрылыс мерзімдерін және шығындарын қысқартуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға және құрылыс жобаларының сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған.