Құрметті қазақстандықтар!

Құрметті қазақстандықтар!

Рождество мерекесі рухани-адамгершілік құндылықтарды, гуманизм және қайырымдылық идеяларын дәріптеп, халықтың болашаққа сенімін нығайта түседі.

Дін, дәстүр және мәдениет саласындағы әралуандық – мемлекеттілігіміздің берік негізі, ал қоғамдағы татулық пен түсіністік – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі.

Еліміздің православ христиандарын осы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілейміз!