Құрылысқа арналған құжаттама беру қызметтерін автоматтандыру: деректерді цифрландыру және жобаны кеңейту

Құрылысқа арналған құжаттама беру қызметтерін автоматтандыру: деректерді цифрландыру және жобаны кеңейту

2025 жылы Мемлекеттік қала құрылысы кадастры жүйесі арқылы бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын және техникалық шарттарды беру жөніндегі мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру сәтті аяқталды.

Жоба 2024 жылғы қараша айында елдің 89 қаласында gov.ggk.kz геопорталында іске қосылды. Бүгінгі таңда қала құрылысы кадастры геопорталы арқылы 144 мыңнан астам өтініш келіп түсті, сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруге, эскиздік жобаларды келісуге және желілерге қосылуға техникалық шарттар беруге 141 мың өтініш өңделді.

Құрылысқа арналған құжаттама беру қызметтерін автоматтандыру берілетін бастапқы-рұқсат беру құжаттарының бекітілген қала құрылысы құжаттарына сәйкестігін тексеру жолымен ретсіз және заңсыз құрылыс салу мәселелерін шешуге бағытталған.

Кадастр базасын қалыптастыру шеңберінде әкімдіктер ұсынатын бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына цифрлау жүргізіліп, кейіннен қала құрылысы кадастры жүйесіне енгізіледі. Жүйеге 730-дан астам қала құрылысы жобасы және өңірлерде түгендеу арқылы цифрланған инженерлік желілердің 94%-ы енгізілді.

Кадастрда қамтылған цифрлық қала құрылысы жобаларын қолдану қала құрылысы нормативтік регламенттерінің бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба аясында жер учаскесіне құқықтарды растау болмаған жағдайда сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және эскиздік жобаларды келісу үшін өтініштерді беру бойынша заңсыз фактілер бұғатталады.

2026 жылы пилоттық жобаны ел аумағы бойынша кеңейту жоспарлануда, оған Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына тиісті өзгерістер енгізіледі.