Құрметті достар!

Құрметті достар!

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі атынан Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймыз!

Осы кезеңде біз өткен жылды қорытындылап, болашаққа үмітпен қараймыз. 2025 жыл біз үшін нағыз өзгерістер жылы болды — біз тек реформаларды талқылап қана қоймай, құрылыс, өнеркәсіп және жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыс ережелерін өзгерте бастадық.

Ең алдымен, бұл жаңа Құрылыс кодексі. Біз құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды қатайттық, яғни олардың тұрғын үйдің сапасы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін күшейттік.

Екінші маңызды сала – жер қойнауын пайдалану. Біз Жер қойнауы кодексін жаңарттық, 22 онлайн қызметі бар Бірыңғай цифрлық платформаны іске қосып, өтінімдерді қарау мерзімін қысқарттық және жүйені ашық еттік.

Сондай-ақ, Қазақстандық тауар өндірушілер реестрі іске қосылды. Бұл дерекқор ғана емес, сонымен қатар әділ бәсекелестік пен отандық бизнесті шынайы қолдау құралы. Мемлекеттік қолдау және реттелетін сатып алуларға қатысу енді тек Қазақстанда шынымен өнім шығаратындарға ғана қолжетімді.

Біз еліміздің дамуына үлес қосқанымызға мақтанамыз және әрбір қазақстандыққа еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз және адалдықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Бірлескен еңбегіміздің арқасында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік.

Жаңа жыл әр үйге қуаныш пен молшылық әкелсін. Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және бастамаларыңызға табыс тілейміз!