
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен «Түркістан текстиль» ЖШС компаниясының бас директоры Сюй Цзе Түркістан облысында толық циклді тоқыма кешенін құру жобасы жөніндегі инвестициялық келісімге қол қойды. Кездесуге Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов та қатысты.
«Түркістан текстиль» ЖШС — Lihua Group Co. Ltd. (Қытай) компаниясының еншілес кәсіпорны.
Жоба мақтаны терең өңдеуді және дайын тоқыма өнімдерін өндіруді қамтиды. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 6 миллионға дейін өнім шығарады, 1300 жұмыс орнын ашады және жалпы инвестиция көлемі 76 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарланған.
Тараптар жобаның жеңіл өнеркәсіпті дамыту және Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты нығайту үшін маңыздылығын атап өтті.