Энергетика және коммуналдық сектор өндірушілерімен B2B кездесулер өтті

Энергетика және коммуналдық сектор өндірушілерімен B2B кездесулер өтті

Ұлттық «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» жобасын іске асыру аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы кәсіпорындарда көшпелі B2B-кездесулер ұйымдастырды.

Іс-шараларға табиғи монополия субъектілері мен EPC-мердігерлер қатарынан 30-дан астам ұйым қатысты.

Кездесулердің негізгі мақсаты – отандық өндірушілердің өндірістік қуаттарымен тікелей танысу, локализация мүмкіндіктерін талқылау, ішкі нарықтағы үлесті арттыру және сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту жобалары аясында өнім жеткізуді кеңейту.

Делегация келесі кәсіпорындарды аралады:
- энергия ресурстарын есепке алу құралдарын өндіретін «Корпорация «Сайман» ЖШС (электр энергиясын, суды, газды есепке алу аспаптары, есепке алу шкафтары мен қалқандары), NERO GROUP құрамына кіретін «Қазақстандық құбыр жүйелері» ЖШС (энергия, су және жылу есептегіш құралдары), сондай-ақ «Gold Smart Group» ЖШС (газ және су есептегіш құралдары);
- құбыр өнімдерін өндіретін «Спира-Берга» ЖШС (сумен жабдықтау және газ құбырлары жүйелеріне арналған қысымды полиэтилен құбырлары);
- кабель-сым өнімдерін шығаратын «Ақнұр Кабель» ЖШС (күштік және бақылау кабельдерінің кең ассортименті);
- жылыту және желдету жабдықтарын өндіретін кәсіпорындар – «АВЗ» ЖШС (желдету жабдықтары, клапандар, жылу алмастырғыштар), «Келет» АҚ (электр су жылытқыштары, газ қазандықтары, электр конвекторлары) және «Энергетикалық компания «ЭнКо» ЖШС (сорғы жабдықтары, ысырма арматурасы).

B2B-кездесулер барысында өнім номенклатурасын кеңейту, заманауи технологияларды енгізу, сапаны арттыру және халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз ету, сондай-ақ коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымды жаңарту жобаларына кәсіпорындардың қатысу мүмкіндіктері талқыланды.

Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында осындай B2B-кездесулер Астана және Павлодар қалаларында өткізіліп, оларға да 30-дан астам табиғи монополия субъектілері мен EPC-мердігерлер қатысқанын атап өткен жөн.

Ұлттық жобаны іске асыру инженерлік желілердің тозуын едәуір төмендетуге, өмірлік маңызы бар жүйелердің сенімділігін арттыруға және отандық тауар өндірушілердің дамуы мен өндірістік қуаттарының жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.