2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9%-ға өсті

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9%-ға өсті

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрлері Олжас Сапарбеков, Қуандық Қажкенов, Иран Шархан және Жәннат Дүбірованың БАҚ өкілдерімен 2025 жылда атқарылған жұмыстың алдын ала нәтижелерін талқылау бойынша баспасөз кездесуі өтті.

Олжас Сапарбеков 2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 27 трлн теңгеден асқанын және 5,9%-ға өскенін хабарлады. Өсім металлургияда, машина жасау саласында, химия өнеркәсібінде және құрылыс материалдарын өндіруде оң динамикамен қамтамасыз етілген.

Сонымен, Qarmet металлургиялық комбинаты QazTehna зауытында шанақ бөлшектерін жаңа штамптау өндірісі үшін 08КП маркалы мырышталған болатты жеткізуге кірісті.

Вице-министр биыл іске қосылған индустриялық жобалар сала дамуына елеулі үлес қосқандығын атап өтті. Жоспарланған 190 жобаның 173-і іске асырылып, нәтижесінде 12 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды.

Іске асырылған жобалар арасында Chery, Changan, Haval және Tank сияқты қытайлық брендтердің жеңіл автокөліктерін шығару, тамақ өнеркәсібіне арналған алюминий қаптамасы, тұрмыстық техника, болат құбырлар және текстиль өнімдерін өндіру бар. Вице-министрдің сөзінше, бұл кәсіпорындар толық қуатқа шыққанда өңдеу өнеркәсібінің көлемі жылына қосымша 2,3 трлн теңгеге өсуі мүмкін.

Қостанай облысында жаңа Kia Qazaqstan зауыты жұмыс істей бастады - Kia алғаш рет Оңтүстік Кореядан тыс жерде зауыт салуға өз қаражатын салды.

31 наурызда Қостанайда «АгромашХолдинг KZ» АҚ базасында John Deere жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Мамыр айында өздігінен жүретін және тіркемелі техника өндірісі басталды.

Одан кейін Олжас Сапарбеков Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Электрондық қаржы орталығымен бірлесіп, Қазақстандағы тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімі – елде тауар шығаратын кәсіпорындар туралы цифрлық деректер базасын әзірлеуді аяқтауға жақын екені туралы баяндады.

«Реестр өндірушілерді онлайн тіркеуге, мемлекеттік және жартылай мемлекеттік сатып алу жүйелерімен интеграциялауға, сондай-ақ өндірістік қуаттар, локализация деңгейі және қолданылатын технологиялар туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді», – атап өтті вице-министр.

Реестрдің құрылуы сатып алулардың ашықтығын арттырып, отандық өндірісті нақты қолдауға жол ашады.

Қазақстандық өндірушілерге мемлекеттік және реттелетін сатып алуларда басымдық беру тетіктері үнемі жетілдіріліп келеді. Мемлекеттік сатып алуларда отандық тауарлар саны 4 800-ден асып, соның нәтижесінде қазақстандық өндірушілермен жасалатын келісімшарттар көлемі 1,5 есе өсті.

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларына да ерекше назар аударылды. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап стандартталмаған тауарларды биржалар арқылы сатып алуға тыйым салынып, Tizilim платформасы жаңартылды. Осы өзгерістердің арқасында соңғы 11 айда 1,1 трлн теңгеге жуық ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 7,6 есе жоғары.

2025 жылы жоспарланған 190 жобаның 173-і іске асырылып, нәтижесінде 22 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылып, отандық өнеркәсіптің ел экономикасына қосқан үлесі едәуір артты.

«Олардың қатарында Chery, Changan, Haval, Tank қытайлық брендтерінің жеңіл автокөліктерін шығару, тамақ өнеркәсібіне арналған алюминий қаптамаларын, тұрмыстық техника, болат құбырлар және тоқыма материалдарын өндіру бойынша ірі жобалар бар», – атап өтті Олжас Сапарбеков.

2025 жылы Silk Road Electronics зауытында жасанды интеллект элементтері мен қазақ тіліндегі интерфейсі бар модельдерді қоса алғанда, 26 мың Samsung теледидары мен кір жуғыш машиналары шығарылды.

Аталған жобалар толық қуатына шыққан кезде өңдеу өнеркәсібінің көлемі жыл сайын қосымша 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін.

Вице-министр компанияларды жеңілдікпен шикізатпен қамтамасыз ету отандық өңдеуді дамытудың тиімді құралына айналғанын атап өтті. Бұл бастама ішкі нарыққа басымдықпен жеткізілімді қамтамасыз етеді және экспорттық лицензиялар берілгенге дейін өндірістің өсуін ынталандырады.

Қазір бұл жеңілдік мыс, алюминий және мырышқа қолданылады. Егер кәсіпорын дайын өнім шығарса, шикізатты 5% жеңілдікпен алады, ал жартылай дайын өнім үшін жеңілдік 1% болады.

Бағдарлама басталғалы бері 30 келісім жасалды. 2025 жылы мысқа сұраныс 27%-ға өсті. Алюминий саласында ішкі өңдеу кәсіпорындарына қажет көлем 60,8 мың тоннаны құрады. Ал мырышқа деген сұраныс 3 мың тоннаға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда төрт есе артты.

 

Баспасөз кездесуін келесі сілтеме арқылы көре аласыз