
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қазақстандық тауар өндірушілердің тізілімін жүргізу мәселелеріне арналған кезекті оқыту вебинарын өткізді. Спикер ретінде ақпараттық жүйенің техникалық әзірлеушісі «Электрондық қаржы орталығы» АҚ мен QazIndustry өкілдері болды.
Іс-шараға қазақстандық кәсіпорындардың, сондай-ақ өңірлік бизнес-бірлестіктердің 500-ге жуық өкілдері қатысты. Кездесу барысында Реестрдің жұмыс істеуінің негізгі бағыттары түсіндіріліп, қатысушылар өз сұрақтарына толық жауап алды.
Еске сала кетейік, оқыту циклі тауардың шығу тегін растаудың жаңа жүйесіне көшу кезеңінде отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған. Сондай-ақ ол ОТӨ Реестріне енгізу барысында өндірістік процестердің ашықтығын арттыруды көздейді.
Вебинар жазбасы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми ресурстарында қолжетімді.
Оқыту вебинарлары әр бейсенбі сайын сағат 10:00-де өтеді, хабарландырулар мен сілтемелер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің және «QazIndustry» сайттарында жарияланады.
https://www.youtube.com/watch?v=7lcKcy5h42M
https://www.youtube.com/watch?v=8tBmJDSLkkY