Вице-министр Рахымжан Исақұлов Башқұртстан Республикасына жұмыс сапарымен барды

Вице-министр Рахымжан Исақұлов Башқұртстан Республикасына жұмыс сапарымен барды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұлов «Халықаралық бизнес апталығы» форумына қатысу үшін Башқұртстан Республикасына барды.

Форум барысында вице-министр «Жаһандық қиындықтар дәуіріндегі ынтымақтастық стратегиясы» пленарлық отырысында сөз сөйлеп, Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.

Іс-сапар барысында вице-министр сондай-ақ «Уфимский» индустриалды паркі мен «Медстальконструкция» ЖШС-не барып, өндіріс процестері мен өнімдерімен танысты.