Парижде Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысы өтті

Парижде Қазақстан мен Франция арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысы өтті

Бүгін Парижде Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Францияның сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министрі Николя Форсьенің тең төрағалығымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысы өтті.

Қатысушылар стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытты.

Өнеркәсіптік кооперация, энергетика, көлік, сумен жабдықтау, қалдықтарды қайта өңдеу, төмен көміртекті және экологиялық тұрақты технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастық перспективаларына ерекше назар аударылды.

Министр Ерсайын Нағаспаев қазақстандық тараптың елдегі жобаларды сәтті жүзеге асырып жатқан француз инвесторлары мен компаниялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды жалғастыруға дайын екенін атап өтті.

Кездесу аясында Ерсайын Нағаспаев Францияның сыртқы сауда және экономикалық тартымдылық жөніндегі министрі Николя Форсьемен кездесті. Төрағалар стратегиялық серіктестікті тереңдету перспективаларын талқылап, саяси диалог пен өзара сенімдің жоғары деңгейін атап өтті.

Іс-шара мен екіжақты кездесулерден кейін бірқатар құжаттарға қол қойылды:
- Air Astana мен Airbus арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
- Ақтөбе қаласындағы жылу, су және ағынды су инфрақұрылымын дамыту, жаңғырту және басқару жобаларын іске асыру туралы келісім;
- Талдықорған ақпараттық-талдау орталығы мен Actility арасындағы FASEP Smart City пилоттық жобасы туралы меморандум;
- ASTEL АҚ мен Actility арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум (әзірлену үстінде);
- Aktas Energy ЖШС мен француз тарапы арасындағы болашақ токендерге арналған қарапайым келісім (SAFT) аясындағы марапаттау хаты;
- Aktas Energy ЖШС мен Shanghai Electric and GCD арасындағы марапаттау хаты;
- Сәтбаев университеті, Лотарингия университеті және TotalEnergies Kazakhstan арасында Жамбыл облысындағы жел электр станцияларына техникалық қызмет көрсету үшін инженерлерді даярлау туралы ниет хаты.

Үкіметаралық комиссияның 16-шы отырысының нәтижелері Қазақстан-Француз ынтымақтастығының тұрақты сипатын растап, оның одан әрі үйлесімді дамуына берік негіз қалады.