
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова әуеден геофизикалық зерттеулер мен картография саласындағы әлемдік көшбасшы Xcalibur Smart Mapping өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар Орталық Азиядағы алғашқы Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы жасанды интеллект және машиналық оқыту орталығын құру мүмкіндіктері мен перспективаларын талқылады. Бұл орталық аймақтың геологиялық барлау, минералды ресурстарды талдау, жер асты сулары және елдің энергетикалық әлеуеті саласындағы технологиялық дамуының орталығына айналуы мүмкін.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға және ұсынылған бағыттарды одан әрі талқылауға өзара қызығушылық танытты.
Мұндай халықаралық бастамалардың дамуы Мемлекет басшысының экономиканың барлық салаларында жүзеге асырылып жатқан цифрландыру бойынша тапсырмаларына сәйкес саладағы цифрлық трансформацияның өсуіне және Қазақстанның технологиялық әлеуетінің нығаюына ықпал етеді.