
Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті төраға орынбасары Қанат Мыңбаевтың басқаруымен Маңғыстау облысында атқарушы органдармен, кондоминиум объектісін басқару нысандарының өкілдерімен (ТББ, МИБ) және кондоминиум объектілерін басқару субъектілерімен (БК, ПИК) тұрғын үй заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті.
2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жаңашылдықтарын түсіндіру бойынша жүргізілді.
Аталған кездесуге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында басқару нысандары мен басқару субъектілерінің жұмыс алгоритмі, ПИК және МИБ субъектілерін қайта тіркеу, сондай-ақ КПТҮ басқарушылары бойынша тізілімдерді жүргізу мәселелері қаралды.