
Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов азаматтардың қабылдауын өткізіп, тұрғын үймен қамтамасыз ету, коммуналдық инфрақұрылым және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы өзекті мәселелерді қарастырды.
Қатысушылар коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беру мәселелері, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар санаты бойынша, сондай-ақ тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана алу мерзімдері бойынша жүгінді.
Инженерлік инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру мәселелеріне, оның ішінде сумен жабдықтау және су бұру нысандарын жаңғырту бойынша өтініштерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ азаматтардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуға байланысты өтініштері қаралды.