ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

ВНИИцветмет Грузияның ірі тау-кен компаниясы — RMG Copper-мен ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда

Соңғы жылдары «ВНИИцветмет» институты (ҚР МШКҚӨ ҰО филиалы) Грузияның жетекші тау-кен-металлургия компаниясы — RMG тобымен мыс, құрамында алтын бар және полиметалл кендерін өңдеу бойынша ауқымды бағыттарда белсенді ғылыми-техникалық ынтымақтастық жүргізіп келеді.

         2014 жылдан бастап қазақстандық мамандар бірқатар ірі зерттеу және тәжірибелік-өнеркәсіптік жобаларды іске асырды:

  • катодты мыс ала отырып, «Сакдрисское» кен орнындағы тотыққан құрамында мысы бар кендерге арналған үймеде шаймалау технологиясы әзірленді;
  • үймеде шаймалау технологиясын әзірлеумен және Доре қорытпасын шығарумен Маднеул тобы кен орындарының құрамында сульфиді аз алтын-мыс бар кендерін, сондай-ақ жобалауға арналған технологиялық регламентті зерттеу кешені жүргізілді;
  • Бектакари кен орнының қорғасын-мырыш кендері үшін байыту сұлбаларын жетілдіру жұмыстары және цианидсіз селективті технология әзірлемесі жүзеге асырылды, бұл кондициялық қорғасын және мырыш концентраттарын алуға мүмкіндік берді;
  • кондициялық концентраттарды алу мақсатында әртүрлі сұлбалар бойынша Қазрети кен орнының қорғасын-мырыш кендерін флотациялық байыту бойынша зерттеулер жүргізілді.

         Маднеул байыту фабрикасының жұмысын ғылыми-техникалық сүйемелдеуге ерекше назар аударылады: мыс кені флотациясының қалдықтарын гравитациялық байыту бойынша зерттеулер жүргізілді, қалдықтарды құрғақ сақтау кезінде айналымдағы судың әсері бағаланды, сондай-ақ Дамблуди кен орнының жаңа құрамында мыс бар кенін өңдеудің сұлбасы мен реагенттік режимі әзірленді.

         RMG Group компаниясында «ВНИИцветмет» басшылығы мен өкілдерінің қатысуымен техникалық кеңес өтті. Кеңесте төмендегі әзірлемелердің нәтижелері ұсынылды:

  • «Дамблуди» кен орнының құрамында мысы бар кендерін қайта өңдеу технологиясы;
  • «Бектақари» кен орнының тотыққан қорғасын-мырыш кенін флотациялаудың бірікті сұлбасы;
  • «Мушевани» кен орнының құрамында мыс бар кенді флотациялаудың бірікті сұлбасы.

Кездесу қорытындысы бойынша «Дамблуди кен орнының (Грузия) құрамында мыс бар кендерін өңдеудің технологиялық өзгергіштігін зерттеу және флотациялық технологиясын растау» тақырыбы бойынша жаңа шарт жасалды.         RMG компаниясының өкілдері «ВНИИцветмет» институтымен осындай ұзақ және табысты ынтымақтастық олардың тау-кен металлургия өндірісінің орнықты дамуының маңызды факторы болып табылатынын атап өтті.

RMG басшылығының айтуынша:

  • ВНИИцветметтің әзірлемелері мен технологиялық шешімдері компанияға шикізатты өңдеу тереңдігін арттыруға мүмкіндік береді;
  • мыс пен алтынды алудың өсуін қамтамасыз етеді;
  • технологиялық шығындарды азайтуға және өндіріс ағындарын оңтайландыруға ықпал етеді;
  • экологиялық қауіпсіз технологиялық сұлбаларды енгізуге мүмкіндік береді.

         Компания қазақстандық мамандарға деген сенімнің жоғары деңгейін ерекше атап өтіп, ВНИИцветметтің барлық енгізілген әзірлемелері өндірісте практикалық тиімділікті көрсетті, бұл бірлескен жобаларды одан әрі кеңейту үшін негіз жасайды. Компания қазақстандық мамандарға деген жоғары сенім деңгейін ерекше атап өтеді.