
«Мемсараптама» РМК «Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жақ жағалау бөлігінде ауысымында 500 қабылдауға арналған қалалық емхана салу» жобасына оң қорытынды берді.
Объект құрамына жалпы дәрігерлік практика бөлімшелері, диагностикалық блок, инфекциялық блок, күндізгі стационар, реабилитация және алдын алу бөлімшелері жоспарланған.
Сонымен қатар, жобада білім беру компоненті қарастырылған: әр қабатта оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория және 200 орындық конференц-залы, олар медициналық персоналды оқыту үшін қолданылатын болады.
Тапсырыс беруші «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ, ал бас жобалаушысы – «Engineering Center Ltd» ЖШС.