Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттеушілік әсерді талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 20-тармағына сәйкес,  2025 жылғы «03» желтоқсан және «05» желтоқсан аралығында Ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектісі міндетті энергия аудитінің немесе экспресс-энергия аудитінің қорытындысын алған күннен бастап алты ай өткен соң энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі бекітілген іс - шаралар жоспарының болмауына әкімшілік жауаптылықты енгізуге қатысты реттеушілік ықпал ету талдауының нәтижесі орналастырылатынын хабарлайды.

Аталған әкімшілік жауаптылықты енгізу Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға, энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге, энергия шығынын және сәйкесінше саланың, жалпы алғанда, ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендетуге, жаңа энергия қуаттарын салуды кейінге қалдыруға, сондай-ақ қоршаған ортаға және халық денсаулығына зиянды әсерді азайтуға мүмкіндік береді.