Вице-министр Иран Шархан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Вице-министр Иран Шархан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу өткізді. Іс-шара мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыруға бағытталған тұрақты диалогтық алаңдардың бөлігі болды.

Кездесу барысында тұрғындар жер қойнауын пайдалануға лицензия алу тәртібін, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу шарттарын, экологиялық қауіпсіздікті және жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік міндеттемелерді сақтау тақырыптарын талқылады. Мемлекеттік бақылау тетіктері, жобаларды бекіту рәсімдері және минералды-шикізат базасын дамыту мен жергілікті қауымдастықтардың мүдделері арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вице-министр ағымдағы реттеуші талаптарды, геологиядағы процестерді цифрландырудың жаңа тәсілдері, ашық мониторинг құралдарын енгізуді және инвесторлар үшін рәсімдерді жеңілдету шаралары туралы баяндады. Иран Шархан Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің диалогқа ашық екенін және қоғам көтерген мәселелерге жедел жауап беруге дайындығын атап өтті.

Кездесуден кейін қосымша түсініктемелер беру, консультациялар ұйымдастыру және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекеттесу бойынша тапсырмалар берілді.

Министрлік халықпен ашық кездесулер өткізу тәжірибесін жалғастырып, оларды салалық реттеуді жетілдірудің және үкімет, бизнес және қоғам арасындағы сенімді нығайтудың маңызды тетігі ретінде қарастырады.