Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Sustainable Industrial Processing Summit 2025: ғылым мен технологияның симбиозына негізделген тұрақты даму

Филиппиннің Себу қаласында «Sustainability through Science and Technology / Sustainable Industrial Processing Summit (SIPS 2025)» атты тұрақты даму мәселелеріне арналған жыл сайынғы Саммит өткізілді.

20 жылдан астам уақыт бойы Саммит әртүрлі елдерден келген химиктер, металлургтер, биологтар, дәрігерлер, заңгерлер және басқа да сан түрлі қызмет салаларының өкілдерін бір алаңда тоғыстырып келеді. Саммиттің негізгі постулаты: тұрақтылыққа тек ғылым мен технологияның, экономиканың және қоғам өмірінің әлеуметтік саласының теңгерімді дамуы арқылы қол жеткізуге болады.

Қазақстан Республикасының Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының ғалымдары халықаралық ғылыми қауымдастыққа тау-кен-металлургия саласына арналған заманауи технологияларды ұсынды. Амиттің ленарлық отырысында бас директордың бірінші орынбасары, профессор Досмұрат Айтқұлов орталықтың тұрақты даму саласындағы тәжірибесімен таныстырды. Көрермендер тарапынан төмендегі бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға айрықша қызығушылық таныттты:

  • критикалық металдардың перспективалы минералдық-шикізат базасын қалыптастыру;
  • күрделі тау-кен-геологиялық және экологиялық жағдайларда автоматтандыру мен цифрландыруды пайдалана отырып, пайдалы қазбаларды өндірудің рентабельді технологиялары негізінде рудалық базаны толықтыру және дамыту;
  • кендік, бейкондиционды және техногендік шикізатты кешенді өңдеудің ресурс үнемдейтін технологияларын әзірлеу, құнды компоненттерді барынша толықтай алу.

ҚР МШКҚӨ ҰО өкілдері Саммит шеңберінде өткізілген симпозиумдардың жұмысына белсенді қатысты. Жас ғалым, PhD Фарида Қапсаламова жаңа материалдар жөніндегі секцияның тең төрағасы болды және термодинамикалық есептеулер негізінде күрделі  құрамды FeNiCrCuSiC қорытпасын алу процесінде  температураның әсерін бағалау жөніндегі өз жобасының нәтижелерін ұсынды. Аталған қорытпа соққы жүктемелеріне ұшырайтын, жоғары беріктікті талап ететін  бөлшектерді өндіруде қолдануға арналған.

 Бас ғылыми хатшы, профессор, Саммит симпозиумдарының ұйымдастыру комитетінің мүшесі Светлана Ефремова екінші реттік шикізатты қайта өңдеудің, жоғары қосылған құны бар өнімдер алуға мүмкіндік беретін қалдықсыз технологиясын таныстырды.

Бұл технологияның бірегейлігі сол, бірнеше технологиялық процестерді біртұтас тұйықталған жүйеге біріктіруінде. Экологиялық шақырылымдар, сондай-ақ бір технологиялық процессте пайда болатын қалдықтар мен жанама өнімдер басқа процесті іске асыру үшін шешім әрі шикізат көзі ретінде пайдаланылады. Нәтижесінде күріш және кокс өндірістерінің қалдықтарын өңдеу барысында гидрометаллургияға арналған көміртекті адсорбенттер мен металлургиялық агрегаттарды шегендеуге  арналған жеңіл жылуоқшаулағыш материалдар алу мүмкіндігі туындайды. Силикатты ерітінді және органикалық конденсат секілді жанама өнімдер өнеркәсіптік сұйық шыны мен лигносульфонатты алмастыра отырып, жоғары температураға төзімді материалдар өндірісінде байланыстырғыш ретінде қолданылады. Қолданылған адсорбенттер регенерацияланады, ал шайынды  ерітінділер негізгі технологиялық процестің тиісті сатысына қайта қайтарылады.

Қазақстандық профессорларға қызметтеріне жоғары баға беру нәтижесі ретінде халықаралық марапаттарды табыс етті. Досмұрат Айтқұлов менеджмент саласындағы Marcus International Management Award, ал Светлана Ефремова минералды өңдеу саласындағы Klizing International Engineering Award сыйлығына ие болды.

Ғылым мен технологияның симбиозына негізделген ҚР МШКҚӨ ҰО-ның инновациялық әзірлемелерін іске асыру, сөзсіз, экономиканың өсуіне және қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін болады.