Ақтөбе облысында тұрғын үй заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Іс-шараға атқарушы органдардың, кондоминиум объектісін басқару нысандарының өкілдері (ТББ, МИБ) және кондоминиум объектілерін басқару субъектілері (БК, ПИК) қатысты. Кеңеске ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев төрағалық етті.
Қатысушыларға 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жаңашылдықтары туралы ақпарат берілді.
Кездесуге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар басқару нысандары мен басқару субъектілерінің жұмыс алгоритміне, ПИК және МИБ субъектілерін қайта тіркеу, сондай-ақ өп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімдерді жүргізуге қатысты негізгі мәселелерді талқылады.