Ерсайын Нағаспаев Австрия Ұлттық кеңесінің Екінші президенті Петер Хаубнермен кездесті

Ерсайын Нағаспаев Австрия Ұлттық кеңесінің Екінші президенті Петер Хаубнермен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Австрия Ұлттық кеңесінің Екінші президенті Петер Хаубнермен кездесу өткізді.

Келіссөздер конструктивті түрде өтіп, тараптардың екі ел үшін маңызды өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге деген ортақ ниетін растады.

Ерсайын Нағаспаев Қазақстанның жаңа бастамаларға ашық екенін және австриялық бизнеске бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай ұсына алатынын атап өтті. Ол сондай ақ машина жасау, металлургия, құрылыс және көлік инфрақұрылымы бағыттарында айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды.

Кездесу барысында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, озық технологияларды енгізу және Австрия компанияларын Қазақстан аумағындағы ірі инвестициялық жобаларға тарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысқандардың пікірінше, тау-кен және машина жасау салаларында жүзеге асқан табысты жобалар одан әрі серіктестікті тереңдетуге және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын ашуға берік негіз болып отыр.