Павлодарда тұрғын үй заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

Павлодарда тұрғын үй заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді

Павлодар қаласында тұрғын үй заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Іс-шараға атқарушы органдардың, кондоминиум объектісін басқару нысандарының өкілдері (ТББ, МИБ) және кондоминиум объектілерін басқару субъектілері (БК, ПИК) қатысты. Кеңеске ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев төрағалық етті.

Кездесу барысында қатысушыларға 2025 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жаңашылдықтары таныстырылды.

Іс-шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Кеңесте басқару нысандары мен субъектілерінің жұмыс алгоритміне, пәтер иелерінің кооперативтері мен мүлік иелері бірлестігі субъектілерін қайта тіркеуге және көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімдерін жүргізуге қатысты негізгі мәселелер талқыланды.