Қазақстандағы ең ірі бетон шпалдарын шығаратын зауыт: 30 жылдық сенімділік пен сапа

Қазақстандағы ең ірі бетон шпалдарын шығаратын зауыт: 30 жылдық сенімділік пен сапа

ТОО «Фирма «БЕНТ» – Қазақстан Республикасындағы темірбетон шпалдарын өндіретін ең ірі зауыт. Жылына кемінде 800 000 дана серпімді рельстік бекітпелері бар темірбетон шпалдарын шығаруға мүмкіндігі бар. Компанияның нарықта 30 жылдық табысты жұмысы бар, өндірістік цехтарда 650 қызметкер еңбек етеді.

«Мемлекет басшысының бұл жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялауы тегін емес. Біз мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жастар арасында техникалық мамандықтарды насихаттап, оларды оқытып, өндіріске көптеп тартып жатырмыз», – атап өтті «БЕНТ» компаниялар тобының президенті Дінмұхамед Кузиев.

Қазіргі таңда, Р50 рельстеріне арналған шпалдарды және жоғары сенімділігі бар «В50» темірбетон шпалдарын өндіретін жалғыз зауыт. Кәсіпорынның барлық өнімдері сертификатталған, декларацияланған және жыл сайын инспекциялық сынақтардан өтеді. Компания өнімдері еліміздің 18өңірінде теміржол жолдарын салуда қолданылады. Қазақстан бойынша 113-тен астам ұйым осыөнімдердің тұрақты тұтынушылары болып табылады.

«Фирма «БЕНТ» кәсіпорнында 15 жылдан астам уақыттан бері қызмет жасап жатқан қызметкерлер бар, соның қатарында «Фирма «БЕНТ» ЖШС операторы Әділхан Садықаев.

«Екі ауысыммен жұмыс жасаймыз. Біз күніне СКЛ 10 мың комплект пружина, 10 мың комплект болт шығарамыз. СКЛ Оператормын, жұмысым қиын емес, жеңіл, бірақ жауапкершілігі жоғары», – деді кәсіпорын операторы.  

Компания құрылымында 1987 жылдан бері құрылыс материалдарын сынауға маманданған ТОО «Центр сертификации «Standlab» сынақ зертханасы қызмет етеді.

«ФИРМА «БЕНТ» ЖШС жетекші маманы Әлібек Иса алдына келген әр бөлшекті физикалық және химиялық талдаудан өткізіп, құрамының дұрыстығы мен дәлдігін тексереді.

«Дайын өнімді тексеретін 3-4 аппаратымыз бар. Сол арқылы біз тексерістен өткен өнімді зертханадан өткеннен кейін ғана зауытқа шығарылымға өзіміздің рұқсатымызды береміз», – атап өтті маман.

 Одан бөлек, 2022 жылдан бастап кәсіпорын базасында ТОО «Автоклав KZ» жұмыс істеп, жылына 100 000 м³-ден астам автоклавты газобетон өндіреді. Сол жылы білікті кадрларды даярлау мақсатында Оқу орталығы ашылды. Орталық жыл сайын 600 адамға дейін оқытып, оларды одан әрі жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.

2023 жылы қазақстандық-қытайлық бірлескен кәсіпорын – ТОО «СП «Fasteners Metal» құрылып, жоғары жылдамдықтағы теміржолдарға арналған рельстік бекітпелердің толық жиынтығын өндіруді жолға қойды. Полимерлік те, металл бөлшектер де толықтай отандық өндірісте жасалады.