МИНИСТРЛІК МӘЛЕМДЕМЕСІ: ҚТӨ РЕЕСТРІНЕ ЕНГІЗУДЕ ДЕЛДАЛДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

МИНИСТРЛІК МӘЛЕМДЕМЕСІ: ҚТӨ РЕЕСТРІНЕ ЕНГІЗУДЕ ДЕЛДАЛДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі кейінгі кезде өнімдерді Қазақстандық тауар өндірушілер Реестріне енгізу үшін өтінімдерді «бастан аяқ сүйемелдеу» туралы ұсыныс жарнамалардың көбейгенін хабарлайды. 

Осыған байланысты ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ресми түрде мәлімдейді:

Өнімді ҚТӨ Реестріне енгізу тек қана белгіленген Ережелерге сәйкес жүзеге асады және делдалдардың немесе өзге  де ақылы қызметтерді талап етпейді.

Министрлік кез-келген өнімді Реестрге енгізуді жеделдетуді немесе жеңілдетуді «қамтамасыз етеді» деген желеумен бірде-бір компанияға немесе жеке тұлғаға коммерциялық қызмет көрсету туралы уәкілет берген емес. 

Барлық материалдар, нұсқаулықтар және кәсіпорындарға арналған кеңестер Министрліктің және «QazIndustry» АҚ ресми ресурстарында тегін ұсынылады.

ҚТӨ Реестріне өтінімдерді кәсіпорындардың өздері тікелей береді. Министрлік бөгде тұлғаларды араластыру, оларға құжаттар немесе ЭЦҚ беру қауіпсіздік мәселесінде тәуекелдер тудыратынын, сондай-ақ компания деректерінің заңсыз пайдаланылуға жол беруі мүмкін екенін ескертеді.

Кәсіпорындарды мұқият болуға және тек ресми ақпарат көздеріне жүгінуге шақырамыз.

ҚТӨ Реестрі бойынша хабарламалар Министрліктің ресми сайтындағы арнайы бөлімде жарияланады.

ҚТӨ Реестріне қатысты сұрақтар бойынша тауар өндірушілер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тікелей хабарласа алады:

Кәсіпорындарға арналған оқу вебинарлары әр апта сайын бейсенбі күні сағат 10:00-де өткізіледі. Қатысуға қажетті сілтемелер Министрлік және «QazIndustry» сайттарында жарияланады. Өткен оқыту семинарларының жазбалары мына сілтемеде тұр:
https://www.youtube.com/@QazIndustry/videos