Dubai Airshow авиасалоны – аэроғарыш және қорғаныс салаларындағы ең маңызды шаралардың бірі, онда 1 500-ден астам экспонент, 440 жаңа қатысушы және азаматтық пен әскери ведомстволардан 490 делегация жиналды.
Көрме аясында вице-министр Рахымжан Исакұлов БАӘ-нің жетекші қорғаныс-технологиялық компаниясы Edge Group бас директоры Хамад Аль Марармен келіссөздер жүргізді.
Келіссөздердің нәтижесінде әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту, инвестиция тарту және жаңа өндірістерді локализациялау бойынша уағдаластықтар жасалды.