Министр Ерсайын Нағаспаев Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасарымен кездесті

Министр Ерсайын Нағаспаев Қытайдың Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасарымен кездесті

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Қытай Халық Республикасының Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрінің орынбасары Чжан Юньминьмен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, соның ішінде кооперативтік байланыстарды дамыту және өнеркәсіптік ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады.

Алдағы жылға арналған ынтымақтастық жоспарларына ерекше назар аударылды. Тиісті ведомстволар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою, басшылық арасындағы өзара сапарлар және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдері келісілді.

Қазіргі уақытта елдер арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық аясында 60 млрд доллардан астам сомаға 269 жоба жүзеге асырылуда, бұл 75 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Тараптар өнеркәсіптік серіктестіктерді нығайту, өндірістік тізбектерді дамыту және екі ел үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерін жасау үшін белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.