Вице-министр Иран Шархан азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді

Вице-министр Иран Шархан азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкіметтің қабылдау орталығында азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді.

Кездесуде жер қойнауы саласындағы компаниялардың ағымдағы және перспективалы жобалары талқыланды. Қатысушылар келісімшарттарға қол қою және лицензиялар алу бойынша да жүгінді.

Вице-министр Министрліктің жүйелік мәселелерді шешуге ықпал етуге, рәсімдік ашықтықты қамтамасыз етуге және жер қойнауы секторын және аймақтық экономикалық белсенділікті дамытуға бағытталған жобаларды қолдауға дайын екенін атап өтті.