
Аэрогеофизикалық жұмыстар Аягөз қаласы маңындағы жалпы ауданы 550 ш.км құрайтын екі лицензиялық алаңда жүргізіледі.
Бүгін Қарағанды қаласында дайындықтың соңғы кезеңі аяқталып, Cessna 206 жеңіл әуе борты жұмыс аймағына бағыт алды.
Жоба аясында аэрогеофизиканың келесі кешенді әдістері қолданылады:
• магниттік барлау,
• гамма-спектрометрия,
• көпбөлшекті электрлік барлау (ДИП-А).
Зерттеулер Президенттің биылғы Жолдауында белгіленген геологиялық барлау жұмыстарын кеңейту мен заманауи аэрогеофизикалық технологияларды енгізу міндеттеріне сай және стратегиялық серіктесімізбен бірлесе жүргізілуде.
Далалық жұмыстар жер бедерін ескере отырып, 100-120 м биіктікте орындалады. Барлық аппаратура толық техникалық тексеруден және калибрлеуден өтті.
Зерттеу мақсаты – өзекті геофизикалық негіз қалыптастыру, геологиялық құрылымды нақтылау, кенбақылаушы аймақтарды, гидротермалдық-метасоматоздық өзгерістер белдеулерін анықтау және мыс, полиметалл, алтын кен орындарының әлеуетін бағалау.
Далалық кезең мен бастапқы деректерді өңдеу жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады.
Анықтама:
Qazaq Geophysics құрылған сәттен бастап еліміздің оңтүстік, орталық, солтүстік және батыс өңірлерінде жалпы көлемі 20 мың пог. км болатын 9 аэрогеофизикалық жобаны жүзеге асырды.