Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Өз сөзінде вице-министр өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму салаларына жетекшілік ететінін, сондай-ақ Министрлік жетекшілік ететін салаларда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайы» ғимаратында өткен кездесу барысында қатысушылар отандық тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуына, Отандық тауар өндірушілер реестріне енгізу, энергия тасымалдаушыларға тарифтерді көтеру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т. б. туралы сұрақтар қойды. «Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО дамыту тақырыптары қозғалды.
Олжас Сапарбеков қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, айтылған ұсыныстарды шешу үшін күш біріктіру ұсынды.
Жұмыс сапары аясында вице-министр кәсіпорынның қызметімен танысу мақсатында «ASMA INDUSTRIAL ЖК» ЖШС-де болды.