Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбында семинар өтті

Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тақырыбында семинар өтті

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында оқу семинары өтті. Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық қағидаттарын қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға бағытталды.

Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тренері А. Айдарханов жүргізді.

Оқыту барысында қатысушылар мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарымен танысты, оның ішінде:

сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың тарихи қалыптасуы мен құқықтық негіздері;
үш пакеттен тұратын антикоррупциялық реформалар және жаңа заңнамалық өзгерістер;
мүдделер қақтығысын реттеу шаралары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама институтын енгізу;
лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілігі;
квазимемлекеттік секторда антикоррупциялық комплаенс қызметін енгізу;
сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың практикалық тәсілдері.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылды. Аталған құжат сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыруды, этикалық стандарттарды дамытуды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдамағаны үшін жауапкершілікті күшейтуді көздейді.

Тренер А. Айдарханов өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметшінің адалдығы мен жеке үлгісі тиімді әрі ашық мемлекеттік аппарат құрудың басты шарты екенін атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға алған білімдерін күнделікті қызметінде қолдану, ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту және жұмыс барысында Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның қағидаттарын басшылыққа алу ұсынылды.