
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «QazIndustry» АҚ бірлесіп, мемлекеттік цифрлық сервис – қазақстандық тауар өндірушілер Реестріне өнімді енгізуге өтінім беру барысы туралы екінші оқыту вебинарынн өткізді. Іс-шараға елдің әр өңірінен, түрлі саладан 500 кәсіпорын мен өңірлік бизнес-бірлестіктердің өкілдері қатысты.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап ОТӨ Реестрі индустриялық сертификаттар мен СТ KZ сертификаттарын алмастырып, олардың функцияларын бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді.
Вебинар спикері – «QazIndustry» АҚ дирекция басшысы Жансая Жақыпова нормативтік базаны түсіндіріп, цифрлық сервистегі жеке кабинет интерфейсін таныстыра келе Реестрдің негізгі артықшылықтарына тоқталды.
«Отандық өндірісті растау үдерісі толық цифрландырылды, бәрі ашық өтеді. Барлық кезеңдер жеке кабинетте көрсетіліп, адами факторға жол берілмейді. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі, ал автоматты тексеру кәсіпорындардың жұмысын жеңілдетеді», – деп атап өтті Жансая Жақыпова.
Вебинар қатысушыларына өтінімді беру тәртібі қадам-қадаммен көрсетілді.
Министрлік кәсіпорындарға мемлекеттік ақпараттық жүйедегі деректердің дұрыстығын, ЭЦҚ-ның өзектілігін алдын ала тексеріп, өндірістік алаңдар мен жабдықтарға қатысты құжаттарды дайындап қоюға кеңес береді. Бұл цифрлық сервисіске қосылған сәтте өтінімді кідіріссіз тіркеуге мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың 1 қаңтарынанбастап ОТӨ Реестріне қосылған қазақстандық тауар өндірушілерге ғана реттелетін сатып алуларға қатысып, мемлекеттік қолдауды ала алады.
Вебинар жазбасы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми ресурстарында қолжетімді. Оқыту вебинарлары әр бейсенбі сайын сағат 10:00-де өтеді, хабарландырулар мен сілтемелер министрлік пен «QazIndustry» сайттарында жарияланады.