
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рақымжан Исақұлов Израиль мемлекетінің аймақтық ынтымақтастық министрі Давид Амсалеммен және израильдік компаниялардың өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар ынтымақтастықтың болашағы мен қорғаныс және жоғары технологиялар салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін талқылады.
Одан бөлек, зерттеулер саласындағы серіктестікті нығайтуға және инновациялық қауіпсіздік шешімдерін әзірлеуге назар аударылды.